Тұрғындар тілегін тыңдады

175

Ai-news.kz. Сырдария аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Айдарлы, Жетікөл және Аманкелді ауылдарында басталды. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, «АMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

 

Кездесулерде аудан басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

 

"Жақында облысымызға Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов келіп, жаңа әуежайдың ашылуына қатысты. Сонымен қатар Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуымен танысып, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Бұл жұмыстар – өңір халқының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі. Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд теңге болатын. Бүгінде бюджет көлемі 744 миллиард теңгеден асты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

 

Есепті кезеңде ауданда өнеркәсіп өндірісі 67 пайызға ұлғайса, өңдеу өнеркәсібі 12,2 пайызға өсті. 2024 жылдың 10 айында негізгі капиталға 63,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 13,9 пайызды құраса, құрылыс жұмыстарының көлемі 76 пайызға ұлғайды. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 23,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Халықты сапалы ауызсумен қамту үшін Тереңөзек кентінде 10 көшенің, Шаған және Аманкелді ауылында 6 көшенің су құбырлары жаңартылды. Сонымен бірге Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі және Нағи Ілиясов елді мекендеріне 4 су мұнарасы жаңадан орнатылды", – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

 

Биыл Айдарлы ауылының құрылғанына – 50 жыл. Елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстар атаулы дата аясында ұйымдастырылуда. Биыл ауылдағы «Уәлихан» және «Тораңғылды» каналдары қазылып, аяқсу мәселесі шешімін тапты.

 

Жетікөл ауылында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында 6 көшеге бейнебақылау камералары орнатылса, Аманкелді елді мекенінде А.Ағайдаров, А.Жанкин, М.Қалымбетов көшелерінің ауызсу құбырларын жаңғырту жұмысы жүргізілді.

 

Кездесулерде елді мекен тұрғындары инфрақұрылымдық, білім, қоғамдық көлік және басқа салаларға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық ұсыныс бақылауда болып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты. Кездесулерден соң аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Айта кетейік, аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесулері Асқар Тоқмағанбетов, Сәкен Сейфуллин ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Казахстан президенты Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында атап отты :

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.

Мен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады.

Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек.

қыланып жатқан мәселелердің мән-жайын біле бермейтін, тым асыра сілтеуге бейім тұратын популистердің қоғамдағы кейбір бастамаларды іліп алып, өз мүддесіне бұрып әкетеБіз талтінін көріп жүрміз. Мұның демократияға еш қатысы жоқ.

Өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай экожүйесі қалыптаса бастағаны өте маңызды. Бұл жүйе халықтың қажеттілігі мен талап-тілегін нақты біліп отыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар өз жұмысын жетілдіру үшін азаматтардың өтініштерін талдауға көбірек назар аударуға тиіс.

Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте  жұмыс істемеген.  Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды.

Былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды. Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті. Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті.

Енді Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мәселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек.