Қазақстанның ең белсенді әкелері дәстүрлі форумда кездеседі

157

Ai-news.kz 2024 жылғы 1 қарашада Қызылорда қаласында «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында ІХ Республикалық әкелер форумы өтеді.

Форумның мақсаты әкелер институтын дамыту, бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын айқындау сонымен қатар, тәрбие беру тәжірибиелерімен бөлісіп, тәуекелдердің алдын-алуға бағытталған.

Форумға зиялы қауым өкілдері, отбасы саясаты саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Республикалық әкелер одағының өңірлік жетекшілері,  жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысады.

Форумда «Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі: жауапкершілік, батылдық, құрмет», «Отбасы және қауіпсіздік», «Саналы түрде ата-ана болу», «Ерлер үшін спорт пен денсаулықтың маңыздылығы» атты тақырыптар аясында бірқатар талқылаулар өткізіледі.

Өткізілетін орны: «Достық үйі» Ы. Жақаев көш.24.

Күні мен уақыты: 1 қараша, сағат 16:00-де.

Байланыс үшін: +7 771 161 85 90  (Артур Қамбаров -

Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы)