Сапаржай қызметі сан алуан
354
Оның орналасуы да оңтайлы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолына көлік кедергісіз шыға алады. Ал, жолаушылар мен жүргізушілер үшін барлық жағдай қарастырылған. Медициналық-санитарлық көмек көрсету, диспетчерлік бекет және жүк сақтау камералары бар. Сонымен бірге ана мен бала, жүргізушілердің демалыс бөлмесі жұмыс істейді. Одан бөлек мүгедектігі бар жандардың кедергісіз қозғалысына қажетті құрылғылармен жабдықталған. Жалпы, бір мезетте 200 жолаушыға қызмет көрсететін мүмкіндікке ие.
Қазір жолаушыларға тиімді болу мақсатында темір жол вокзалы маңынан да билет сату кассасы ашылған. Автобустардың жүру кестесі де қолайлы уақытқа есептелген.
Сапаржай стандарттарға сай, облысішілік қатынастармен шектелмей, «Қызылорда-Алматы», «Қызылорда-Астана», «Қызылорда-Сарыағаш» бағыттарына да күнделікті қатынайды. Яғни, көлік-логистика саласын дамытуға дем берген автовокзал қызметі уақытпен үндесетінін көрсетті.





