Еңбектен береке тапқан

410
Ai-news.kz. Уақытпен санаспай ерен еңбектің көрігін қыздырған, апаттық кезде күнді түнге, түнді күнге ұластырып, кірпік ілмей қарекет ететін қағылез жандар болады. Солардың бірі – «Су жүйесі» мекемесіне қарасты ауыз су мен кәріз су нысандарын пайдалану бөлімінің маманы Болат Назаров. 
Болат Назаров тәуліктің қай мезгіліне қарамастан, өжіреге түсіп,  кәріз суын белуардан кешіп, әрбір ақауды дер кезінде жөндеп, тұтынушыға жеткенше жаны жай таппайды. Тұрғындар талабы орындалғанда олар да еңбек рахатына бөленеді, біткен іске балаша қуанады.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл әлемде су тапшылығы бар. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті.  Ал, сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Оның 1,7 миллиарды тұщы су көздеріне зәру. Бұл – әлемді алаңдатқан ахуал. Мұның қасында Қызылорда қаласында ауыз су қалыпты. 
Су мамандары қыстың көзі қырауда да ел үмітін ақтауға тырысып бағуда. Сол топтан Болаттың бейнеткеш болмысы байқалады. Ол 16 жылдан бері үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман.

2024 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология мен саяси реформаларға дейінгі әртүрлі салада маңызды реформалар ұсынылды.

Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. Жолдауда оқытушылардың  жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Мемлекет басшысы жолдауында сапалы білім беру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Президент білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Бұл қадамдар елдің болашақтағы дамуы үшін шешуші мәнге ие. Жоғары білім саласында университеттер мен колледждердің білім беру сапасын арттыру және олардың халықаралық рейтингтердегі орнын нығайту міндеті қойылды. Академиялық еркіндікті қамтамасыз ету, білім беру мекемелерінің заманауи технологияларды қолдануын және студенттердің қажетті дағдыларды меңгеруін қолдау туралы айтты.Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстанның ғылым саласындағы әлеуетін арттыру мақсатында ғылым мен білімді біріктіру, инновациялық жобаларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатыны айтылды.

2024 жылғы Жолдау сапалы білім беру мәселесін алдыңғы қатарға шығарып, елдің білім беру жүйесін жаңғыртуды көздейді. Президент Қ.Тоқаев ұсынған реформалар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге бағытталған. Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі, сондықтан бұл саланы дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болмақ. Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін білім алушылары мен түлектерін, жұмыс мүмкіндіктері мен кәсіби тағылымдамалар туралы ақпараттандыру мақсатында, университеттегі түрлі іс-шараларға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ететін, мансап және кәсіби даму Орталығы жұмыс істейтінін айта кеткім келеді. Университеттің білім алушылары мен түлектері өздерінің түйіндемелерін әлеуетті жұмыспен қамтамасыз етуші ұйымдарға жіберуге, сондай-ақ «Жастар және мансап» корпоративтік порталы арқылы жұмыс вакансияларымен танысуға мүмкіндіктері бар екені баршаға мәлім. Университет жоғары білікті кадрларды даярлаудың үздік отандық тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік қызметке маман даярлаудың құзыреттілігін қа­лып­тас­ты­руға ұмты­лып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие. 

2024 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен есте қалды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да секторларындағы мамандардың маңызын ерекше атап өтті. Бұл қадам елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Жолдау Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.