Қазалы ауданы тағы да үздіктер қатарында
Ai-news.kz. Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2024» салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы бойынша үздік атанған аудандар мен еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тағы бір жылды табысты қорытындылаған аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, облыс бойынша өңделген сүттің 95,4 пайызын, өңделген еттің 49,1 пайызын өңдегені үшін Қазалы ауданы «Озат аудан» атанды.
Марапатты аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетке тапсырды.
Ал, «Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясы бойынша «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Имандосов Самұрат Жұманұлы марапатталады. Қазалы ауданындағы акционерлік қоғам ет, сүт өнімдерін өңдеуде жоғары нәтижеге қол жеткізді. 282,1 тонна ет өнімдерін, 4 802 тонна сүт өнімдерін, 3 890 тонна күрішті өңдеуді қамтамасыз етті.
«Озат гидротехник» номинациясы бойынша «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің маманы Оспан Жарқынбек Ерсайынұлы, «Озат жатка машинисі» номинациясы бойынша «Агро Өркен» серіктестігінің жатка машинисі Умадатов Аралбек, ал, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» аудандағы «Аржиков Б» шаруа қожалығының төрағасы Тоқтабаева Шолпан марапатталды.