Тарихқа тағзым

452
Ai-news.kz. Өткеннің шежіресін өшірмеген саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ерекше сәулеті алыстан менмұндалап тұр. Жанына бір табан жақындаған сайын тұтас әлемнің тылсым күші тебіндейді, мұң мен зардың үні естілетіндей толқыныс сезімі есіледі. 
Мұнда аумалы-төкпелі заманның тарихы жатыр. Шағыл құм төбелерге жүрегі – жалын, жігері – қайрақ ата-баба рухы сіңген. Сондықтан ұлт деген қасиетті ұғымды ұға білген ұрпақ бұл орынды киелі санайды. Жыл сайын атаулы күні қызылордалықтар жиналып, талайлы тағдырларға тағзым етеді, әруақтарға бағыштап, дұға оқиды.
Бұл – «Арай» мөлтек ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  Ол 1998 жылы орнатылған. Ескерткіштің авторы, архитектор Мәлік Сапарғалиев. Бүгінде мемориалды ескерткіш «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген.