Қазалыда «Қыс - 2024» республикалық командалық – штабтық оқу – жаттығуы өтті
Ai-news.kz. Қазалы аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Республикалық оқу-жаттығу ағымдағы жылдың 21-22 қарашасы аралығында Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау мақсатында ұйымдастырылуда.
Бұған байланысты аудан аумағында ұйымдастырылған оқу-жаттығу 3 кезеңде өткізілді.
Бірінші, жылу беру орталығында орын алған авариялық жағдайды дер кезінде қалпына келтіру екінші, ауа-райының қолайсыздығынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай авто трассанда жолда қалған жолаушыларды құтқару, апатқа ұшыраған адамды көлік ішінен шығарып, медициналық көмек беру үшінші, мал бағып жүріп із-түссіз кеткен адамды іздеу шаралары бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.