"Қазақстан халқына" қорына "АрселорМитталдан" түскен 16 млрд теңге қайда жұмсалады?
2
Ai-news.kz "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына "АрселорМиттал" компаниясы 16 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жарна аударған болатын. Қор өкілдері ақшаның қайда жұмсалатынын мәлімдеді.
Қор Instagram-дағы ресми парақшасында бұл қаражатты Қарағанды облысы тұрғындарының игілігіне негізделген білім және денсаулық сақтау саласындағы қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсайтынын мәлім етті. "Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, жарна сомасының кем дегенде елу пайызы (50 пайызы) Теміртау қаласында жүзеге асырылатын немесе Теміртау қаласына айтарлықтай қатысы бар жобаларға бағытталады.
Қайырымдылық бағдарламалар мен жобалар бағыттары:
- орта білім беру ұйымдарын жетілдіру және студенттердің жоғары білім алуына шәкіртақы арқылы қолдау көрсету;
- өңірде STEM білімін жетілдіру;
- орфандық (сирек) аурулары бар пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау мекемелерін озық медициналық жабдықтармен және медициналық сарапшылардың қызметтеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
Тағы да оқыңыздар

ХАБАРЛАНДЫРУ
109