Өңірдегі туризм саласындағы өсім қалыптасты
Ai-news.kz. Жалпы өңірдегі туризм саласындағы барлық бағытта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қалыптасты.
2 тоқсанының қорытындысымен туристердің жалпы саны 27,5 пайызға өсіп, 67 мыңға жетті (өткен жылғы есепті кезеңде 53 189 адамды құрады).
Туристік ағынның өсуі туризм саласына салынған инвестицияның ұлғаюымен қатар жүреді.
Ағымдағы жылы облыстың даму бағдарламасы аясында жоспар 19,7 миллиард теңге болып бекітілсе, қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен 19,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы есепті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге өсті.
Облыс бойынша 2024 жылдың 2 тоқсанының қорытындысымен 157 орналастыру орыны жұмыс жасауда. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12,2 пайызға артық.
Қазіргі уақытта облыста жалпы сыйымдылығы 806 орынға есептелген 5 шипажай жұмыс істеуде. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысымен келушілердің саны 11277 адамды құрады.
Бүгінгі күнге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы бөлігінде 55 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс жасауда. Оның ішінде, 51-і немесе 92,7 пайызы Ұлттық стандартқа сәйкес келеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге туризмді ілгерілету және туристік әлеуетті ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, өңірлік туристік сайт әзірленуде.
Одан бөлек, жақында ғана Арал өңірінде Орталық Азиядағы алғашқы «Geopark Aral» туристік маршрутының жобасы ашылды.
Аймақтың туристік мүмкіндігін арттыру және ішкі туризмді дамыту бағытында жаңа автовокзал пайдалануға берілсе, сыртқы туризмді ілгерілетуге мүмкіндік беретін Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы пайдалануға дайын.
Өңірде алғаш рет Қызылорда - Анталия бағытында халықаралық рейс ашылды.