Облыстық АТТ жұмыстары жүргізілді
Ai-news.kz. Ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыстық діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының Сырдария ауданы бойынша мүшелері Сырдария аудандық полиция бөлімі, криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Алиев Дұлат Сағатұлы, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Сейілханов Мұхамед Сейілханұлы, Сырдария ауданының бас имамы Болатбеков Нұрсұлтан Серікұлы ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Шаған ауылдық округтерінің түрғындарымен және аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында қатысушыларға зайырлылық қағидаттары, жат ағымдардан сақтану, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, ел тұтастығын сақтаудағы ұлттық құндылықтардың рөлі, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік нормалары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Басқосу соңында сала мамандары өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.