Қала –баршамыздың ортақ үйіміз !
211
Сондай кезекті жұмыстар Ыбырай Жақаев көшесіндегі Қаламгерлер аллеясында өтті. Бұл аумақта орындықтар мен кіші архитектуралық формалар сырланып, айнала қоқыстан тазартылды.
Дегенмен, өкінішке қарай, саябақтар мен скверлерде сызып кету, қасақана бүлдіру сияқты келеңсіз жағдайлар жиі тіркеліп отыр. Мұндай әрекеттер қала мәдениетіне нұқсан келтіреді.
Осыған орай барша тұрғындарды қоғамдық орындарға жанашырлықпен қарауға, ортақ мүлікті бүлдірмеуге, тазалық сақтауға шақырамыз!
Қаламыз – әрқайсымыздың айнасы. Оны таза әрі көрікті ету – ортақ міндет!





