ҚАЖД қызметкерлері жас сарбаздарды оқуға шақырды
Ai-news.kz ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызметкерлердің құрамында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы Айгерім Баймұрзаева, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов, Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №30 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Виталий Пепеляев, Жезқазған облысы бойынша ҚАЖД №62 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалғас Марленовтер бар.
5547 әскери бөліміндегі сарбаздар – елінің ертеңін ойлаган азаматтар. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ішкі істер органдарында қызмет ету үшін бағыт-бағдар беру біздің міндетіміз. Сол себепті болашақ мемлекет қызметкерлерін академияға оқуға шақырамын, - деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД №35 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Метжанов.
Кездесу барысында қызметкерлер оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сарбаздардың сұрақтарына жауап беріп, Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет етуге шақырды.
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
• әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
• әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
• маңызды әскери нысандарды күзету;
• елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
• халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.