Шиеліде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті

304

Ai-news.kz. Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Бұл шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ түрлі қоғамдық бірлестіктер белсенді түрде атсалысты.

 

Сенбілік барысында:

          •         көшелер, аулалар, саябақтар мен арық-атыздар тазартылды;

          •         тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, сұрыптау жұмыстары жүргізілді;

          •         қоқыс алаңдарында да тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

 

Аудан әкімі тұрғындарға ризашылығын білдіріп:

«Бұл бастама тек қана тазалықты сақтап қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, келер ұрпаққа таза табиғат қалдыруға бағытталған игі іс. Тазалық – баршамыздың ортақ парызымыз», – деп атап өтті.

 

Бірлескен еңбектің нәтижесінде туған жердің келбеті көркейіп, тұрғындар арасында табиғатты қорғау мәдениеті артып келеді.

 

Шиелі – таза өңір, жарқын келешек!