Айдарлы ауыл тұрғындарымен халықтық штаб мүшесі кездесті

79

Ai-news.kz. Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Сырдария аудандық Халықтық штабының мүшесі Бахадуров Алмухан Уалиханұлы Айдарлы ауылында тұрғындармен кездесті. 


Аудандық халықтық штаб мүшесі Алмухан Уалиханұлы ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында АЭС салу мәселесінің маңыздылығына тоқталып өтті. Елімізде атом электр станциясын салудың стратегиялық аспектілері туралы тарқатып айтып берді. 


«Бүгінде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», - деді Алмухан Уалиханұлы.


Aуыл тұрғындары еліміз үшін мaңызды бастаманы қолдайтындарын, АЭС салу заман тaлабы екенін aлға тартты.