Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу тәртібі жеңілдетілді
Ai-news.kz Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындары үшін Ресей Федерациясы азаматтығын алу жеңілдеді, деп хабарлайды Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сілтеме жасап.
18 желтоқсанда рәсімделген құжат ресми жарияланған құқықтық актілер порталында орналастырылды. Оған сәйкес 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары келесі талаптарды сақтамай-ақ Ресей азаматтығын ала алады:
* Ресей Федерациясында тұрақты тұру;
* Ресей тарихын және Ресей Федерациясының заңнамасының негіздерін білу.
Дегенмен, қазақстандықтар орыс тілін жетік білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Қазақстан азаматтары ресейлік паспортты алу үшін тұрақты тұруға өтініш, ұлттық паспорты мен орыс тілін білетіндігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Дәл осыдай талап Молдава азаматтарына да қойылады.





