Көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайды

206

Ai-news.kz. Халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелер аз емес. Осы ретте, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында шаһар басшысы Нұржан Ахатов азаматтарды жеке қабылдады.  


Кезектілік тәртібімен жазылып, қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тәртібі туралы сұраса, енді бірі баспанамен қамту, көше атауы, жол, газ, жарық, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мәселелерін айтты.


Қала әкімі Нұржан Сәбитұлы талап-тілегін арқалай келген тұрғындардың ұсыныстарына жауап берді және көтерілген мәселелердің рет-ретімен шешілетіндігін жеткізді.


Ашықтық пен жариялылық жұмыс тиімділігін арттырады десек, алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

"Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек, - Мемлекет басшысы Жолдаунда айтты. Мен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады."

Дегенмен мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек.