Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
187
Ai-news.kz. Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.
Алматы облысы прокуратурасы мәліметінше, 21 шілдеде Хасан Қасымбаевқа және басқа да күдіктілерге қатысты іс ведомствоға айыптау актісімен түскен.
"Облыс прокуратурасы 29 шілдеде айыптау актісін бекітті және істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді", - деді облыс прокуратурасы өкілі.





