Сыр өңірі V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионың қарсы алды
Ai-news.kz. Сыр өңірі V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионың қарсы алды.
Жерлесіміз Бексұлтан Бостандықов Арқа төрінде 7-13 қыркүйек аралығында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан қатысқан 41 елден келген 114 спортшының арасында жекелей және командалық есепте алтын жүлде иеленіп, ел мерейін үстем етті. Бүгін сыр жұртшылығы Қызылорда темір жол вокзалынан алтын ұлдарын асқан қошеметпен күтіп алды. Шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысты.
Көшпенділер ойындарында алтыннан алқа таққан Бексұлтанға 1 млн. теңгелік сертификат табысталды.
Чемпионымызға басқарма басшысы Жанмұрат Жақсымұратұлы шынайы алғысын айтып, алдағы уақытта тағы да улкен белестерді бағындыратынына сенім білдірді.