Спорттың бұқаралық сипатын арттыру басты назарда

193

Фото: ztb.kzAi-news.kz. Балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол міндет облыс орталығында жүйелі түрде орындалып, оң нәтижеге көз жеткізіп келеміз.

 

Бюджет туралы:

 

«Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған бюджеті 169 381,0 мың теңгені құрады.

 

Оның ішінде:

 

001-Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бойынша:                56 327,0; 

 

006-Аудандық облыстық маңызы бар қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу:15 963,0;

 

007-Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы:41 721;

 

005-Бұқаралық спортты дамыту бойынша:52 562,0.

 

Бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысу туралы:

 

2022 жылы шұғылданушылар саны 127 838 адам, яғни 36,6 пайызды құраса, 2023 жылы бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 141 161 адамға жетіп, 39,5 пайызды құрады, 2024 жылға 40 пайызға жеткізуге меже қойылды.

 

Спорт нысандар туралы:

 

Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округте барлығы 652 спорттық нысан бар. 

 

Оның ішінде:

 

Үш стадион, жүз жиырма бес спорт зал, он бір спорттық кешен, жүз жиырма екі жапсарлас залдар,  364 жазықтық құрылғылар, тоғыз бассейн, бір хоккей корты, алты ату тирлері,  сегіз теннис корты, бір ипподром, бір есу базасы, бір жеңіл атлетикалық манеж.

 

  Бұқаралық спортты дамыту туралы:

 

2024 жылға арналған «Бұқаралық спортты дамыту» қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу процесстері жүргізіліп жатыр.

 

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қол жетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша қаражат бөлініп «Евразия» спорт кешеніне (жүзу  бассейні) және «Мұз айдыны» (мұзға сырғанау) спорт кешендеріне барлығы 17 600 жолдамалар (бір реттік талондар) беріледі.

 

Бөлім тарапынан бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлесіп 2024 жылдың тоғыз айында жүз жиырма жеті спорттық іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 10 спортшы қамтылды.

 

Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты  «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клуб» КММ-сі, спорт клубқа қаралған қаржы көлемі 106 миллион 460 мың теңге. Спорт клубта спорттың 13 түрінен (еркін күрес, дзюдо, таеквандо, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, каратэ-до, бокс, панкратион, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, президенттік көпсайыс, футбол) үйірмелер ұйымдастырылып, 1396 қала тұрғындары шұғылданады.

 

Бөлім тарапынан жалға алатын спорт кешендер мен спорт залдар: 

№      Нысан атауы        Қаржысы

1        Евразия спорт кешені 

          3300,00 мың теңге 

(Футбол спорт түрінен жаттығу жұмыстарын жүргізу мен спорттық іс-шаралар өткізу)

4800,00 мың теңге

(қол жетімді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жүзу бассейініне арналған талондар)

 

2        Белкөл спорт кешені     4007,00 мың теңге

(Қажымұқан спорт клубының үйірме жұмыстарын жүргізу)

3        Динамо спорт кешені    2828,00 мың теңге

(Газон алаңына футбол спорт түрінен жаттығу жұмыстарын жүргізу)

4        Тарлан спорт кешені     1607,86 мың теңге 

(Атлет залын пайдалану)

5        Мұз айдыны         8640,00 мың теңге

(қол жетімді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша мұзға сырғанауға арналған талондар)

6        БАРЛЫҒЫ:          25175,86 мың теңге.

Үш жақты келісім шарт негізінде облыстық қаржыдан;

1.       Ерсұлтан спорт кешені.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубтың жыл басынан бері жеткен жетістіктері:

№      Спорт түрлері      ҚР-чемпионаты

1        Президенттік көпсайыс І         ІІ       ІІІ

                    2        4        3

2        Парапауэрлифтинг        5                  2

3        Қоян-қолтық ұрыс         1                  1

4        Грэпплинг  1                  1

Жоғарыда көрсетілген спорт түрлерінен жеңімпаз атанған спортшылар (І-ІІ орын иегерлері) әлем чемпионаттарына жолдама алды.

 

1.       

3.       

Жоғарыда көрсетілген спорт түрлерінен жеңімпаз атанған спортшылар                   (І-ІІ орын иегерлері) әлем чемпионаттарына жолдама алды.

 

 

 

Өткізілген ауқымды спорттық шаралар:

 

Халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2006 жылы туған жастар арасында өтетін республикалық турнир өтті. Аталған турнирге 200 спортшы қамтылды.

 

Ы. Алтынсарин атындағы жүлде үшін «Бәріңде жарысқа» атты ұранымен өтетін мектеп оқушылары арасындағы қалалық дәстүрлі жарыс (1-11 сынып) өтті. Жарысқа 1300 ге жуық спортшы қамтылды.

 

«Наурыз – 2024» мерекесіне арналған спорт түрлерінен жарыстар (қазақ күресі, асық ату, бес асық, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, гір көтеру, қол күрес) өтті. Аталған жарысқа  700 жуық спортшы қамтылды.

 

Қазақ күресінен “Алтын белбеу” жарысының қалалық кезеңі өтті. Аталған жарысқа 100-ге жуық спортшы қамтылды.

 

КСРО спорт шебері Е. Червоненконы еске алуға арналған 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы велосипед спортынан көпкүндік республикалық жарыс өтті. Аталған жарысқа 200-ге жуық спортшы қамтылды.

 

КСРО спорт шебері Р. Бадретдиновты еске алуға арналған 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы велосипед спортынан республикалық жарыс өтті. Аталған жарысқа 70-ге жуық спортшы қамтылды.

КСРО спорт шебері В. Ли еске алуға арналған 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы велосипед спортынан көпкүндік республикалық жарыс өтті. Аталған жарысқа 70-ге жуық спортшы қамтылды.

 

КСРО спорт шебері М. Сатыбалдиевді еске алуға арналған 15-16 жас аралығындағы ұлдар арасындағы велосипед спортынан республикалық жарыс өтті. Аталған жарысқа 120 спортшы қамтылды.

 

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қолдау мақсатында «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты веломарафон өтті. Аталған жарысқа 200 спортшы қамтылды.

 

08.10.2024 жылы «Қала күні» мерекесіне орай қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында «БАЛА БАРЫСЫ – 2024 жыл» қалалық ашық біріншілік өтті. Аталған біріншілікке 32 адам қамтылды.

 

Жалпы бөлім тарапынан ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар әлеуметтік желілерге және бұқаралық ақпарат құралдарына үздіксіз жариялануда.

 

Алдағы уақытта өтетін ауқымды іс-шаралар:

 

1.   Бала барысы (қазақ күресі) қаралған қаржы көлемі: 1 500,0;

2. Қала әкімінің кубогы үшін стритболдан Республикалық турнирге қаралған қаржы көлемі: 2 000,0;

3.   Шахматтан «Qyzylorda Open» қалалық ашық турнирге қаралған қаржы көлемі: 2 570,0;

 

Туризм саласы бойынша:

 

Қызылорда қаласында туризмді дамытудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік индустрияға жағдай жасау және экономиканың табысы мол секторына айналдыру. 

 

Туризм индустриясының негізі – қонақ үйлер, әр түрлі заманауи транспорт түрлері, телекоммуникация, шетелдік туристерге жоғары дәрежелі қызмет көрсету инфрақұрылымы  болып табылады. Қызылорда қаласы бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету бойынша 12 турагенттік («АрайТревел», «FunSun», «Oasis Travel», «Акме тур», «Отырар тревел», «Саяхат», «Orda Tour», «ЖулдызТур», «Vizit Qyzylorda», «DanatAi», «Best Tour», «Orda Travel») орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысады.  

 

Нысаналы индикаторлар

 

Қызылорда қаласында Туризм саласы бойынша төрт көрсеткіш бекітілген: 

Нысаналы индикатор    2022 жыл    2023 жыл    2024 жыл

          жоспар        орындалуы жоспар        орындалуы жоспар          орындалуы

                                                           

Ішкі туристер       50 150 адам 58 529 адам 57 100 адам 66 784 адам 54 000 адам     1 тоқсан мәні 10.06.24 жылы жарияланады

Сыртқы туристер 1160 адам   4103 

адам  3 290

адам  3 339 адам  1 630 адам  

Нөмірлік қор        1604 орын  1692 

орын 1 607

орын 1 777 орын  1 676 орын  

Туризм саласының

инвестициясы       4,5 миллиард теңге        18,6 миллиард теңге.     12,5 миллиард теңге    16,1 миллиард теңге.     6,3 миллиард теңге.       4,2 миллиард теңге.

(қаңтар - сәуір)

 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы облыстық статистикалық департаментінің мәліметіне сәйкес, келушілерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны - 79 бірлік                    (2022-71) 103,9%,онда орналастыру орындар 966 нөмірге есептелген (2022-937) 103 пайыз олардың біржолғы сыйымдылығы 1777 төсек-орынды қамтиды (2022 жылы-1692) 105 пайыз.

 

Келушілерге көрсетілген қызмет көлемі 1 085 174,6 мың теңгені (өткен жылы 868 380,4 мың.теңге) 156,1 пайыз, құрады. 

 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қызылорда қаласына келген туристер саны 70 123 адамды (өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен   салыстырғанда 63 032 адам) 111,2 пайыз  құрап отыр. 

 

Орналастыру орындары

 

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қызылорда қаласы бойынша 1777 төсек-орны бар 79 орналастыру орындары жұмыс жасауда. Олардың 46-ы қонақ үй және қалған 33-ы, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер болып табылады.

 

Қызылорда қаласында 46 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді, оның ішінде бес жұлдызды «Sultan Plaza» қонақ үйі, төрт жұлдыз «KREZ», үш жұлдыз «Қызылорда», үш жұлдыз «Мираж», бес жұлдыз «Каир» қонақ үйі.

 

Сонымен бірге, Қызылорда орналастыру орындарында төсек-тәуліктің орташа құны 12 072 теңгені құрайды.

 

Орналастыру орындарында келушілерге көрсетілген қызмет көлемі 1,1 миллиард теңгені құрады.

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі сервистік қызмет көрсету кешендері жөнінде

 

Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистраль жолы бойында орналасқан қызмет орындарының жалпы саны – 53 нысанды құрайды, оның ішінде 13 жоба қала үлесінде. 

 

1. «Sinooil» ЖШС нің 1803 шақырым «Д» санаты, 

«Ақ сандық» тамақтану орны.

2. Petro Retail  ЖШС «QazAQ Oil» 1806 шақырым «Д» санаты.

3. «Аманкелді» ЖК «Сейтжаппаров», 1829 шақырым «В» санаты.

4. «Ислам» ЖК «Нұрымбетов» 1835 шақырым «С», «Д» санаты.       

5. «Қызылорда» ЖК «Гейдарова» 1803 шақырым «С» санаты.

6. Petro Retail  ЖШС «QazAQ Oil» 1826+350 шақырым «Д» санаты.

7. «АвтоГазТрейд»ЖШС,«GAZENERGY» 1800+100 шақырым «Д» санаты.

8. «Sinooil» ЖШС нің 1821+300 шақырым «Д» санаты

9. 1808 шақырым «С» санаты, қайта салынуда. 

10. «АвтоГазТрейд» ЖШС, «GAZENERGY» 1831 шақырым «Д» санаты.

11. «Атамекен» ЖК «Орынбаев» 1828 шақырым «С» санаты.

12. «Серікбол» ЖК 1820 шақырым «В» санаты.

13. «Қазақстан Еуразиялық Транспортты-Сервисті Логистикалық компания» ЖШС 1802 шақырым (Ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде).

Қызылорда қаласының аумағында орналасқан 

демалыс аймақтары

 

1.       «Сыр самалы» аквапаркі «Aray aquapark»

2.       «Абай» ШҚ демалыс аймағы

3.       «Керуен»

4.       «Dalapark»

5.       «Гранд Аква»

6.       «Сабалақ Аква»

7.       «Agua House»

8.       «Сырдария толқыны» жағажайы

9.       «Leem Aqua»

10.     «Шах» демалыс аймағы

11.     «Тапчан»

12.     Eco Village

13.     Selena akva

 

Қызылорда қалалық әкімдігі