Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

125

Ai-news.kz. 2024 жылдың 4 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.


Отырысқа қала әкімінің аппарат басшысықала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, «Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сала мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы», «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Қызылорда қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы», «Қызылорда қаласының 2025-2029 жылдарға арналған Тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» мәселелер шығарылды.

Аталған мәселелер бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймахановақалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығыжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы МӘбсұлтанов хабарлама жасапқоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Отырыс барысындакеңес мүшелері Ж.Садвакасова ауылдық елді мекендердегі білім ұйымдарының жылу жүйелерін табиғи газға қосутұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мәдениетін БАҚ арқылы халыққа кеңінен түсіндіруС.Дүйсенбаев Жанқожа батыр көшесі арқылы алдағы уақытта салынатын теміржол өткелінің сапалы салынуын бақылауС.Алдашбаев сұрыпталған тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін өндіріс орындарын ашуТасбөгет кентіндегі кәріз су қалдықтарынан пайда болған көлшіктер мәселесін шешуБ.Төлеген қала ішінде елеусіз қалып қойған қысқа және тұйық көшелерге жөндеужарықтандыру жұмыстарын жүргізуқатты қалдықтарды қабылдайтын полигон аумақтарын күтіп ұстауқалдықтарды өртеуге жол бермеуА.Шаукенбаев кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқан Тәуелсіздік көшесіндегі бағдаршамдарды ретке келтіру туралы мәселелерін ұсынды.

Отырысқа қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Дүйсенбаев төрағалық етті.