Бақытты болам десеңіз – зорлық – зомбылыққа жол бермеңіз!

158

Ai-news.kz. Елімізде 25 қараша -10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» тақырыбында  ақпараттық-түсіндірме шаралары өткізілуде.

 

 «ARAY CITI MALL» сауда орталығында Қызылорда қаласы әкімдігі мен қалалық полициябасқармасы «Бақытты болам десеңіз –зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз" атты акция ұйымдастырды.  Онда ақпараттық -насихаттық топ өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, халыққа құқықтық кеңес берді. Ал, жас еріктілер тұрғындарға "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" тақырыбындағы жадынамалар таратты.

 

Балалар мен әйелдерге қамқорлық жасау, олардың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.

 

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Шаңырағында мейірімділік пен адалдыққа сусындап өскен ұрпақ бойына  отбасылық құндылықтар сіңіп, жанұяны қасиетті ұғым деп қабылдамақ. Тәрбиелі, білімді ұрпақ – ертеңгі болашағымыздың кепілі.

 

Айта кету керек, “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясының негізгі мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын ала отырып, отбасылық құндылықты бағалауды көздейді.

 

Қараша айының 25-і мен 10-желтоқсан аралығында өтетін акция аясында қала, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен колледж студенттері, қыз-келіншектермен бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.