Қала көшелері жөндеуден өтуде

103

Ai-news.kz Жол құрылысында өңірдің тасы өрге домалап тұр. Әсіресе Қызылорда қаласында қызу жұмыс.Соның бірі Елеу Көшербаев атындағы көшеде жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Оның Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі 2 шақырымы жөнделеді.

– Құны 434 миллион теңге болатын құрылыс аясында көше жөнделіп қана қоймайды. Жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолын салу, аяқсу арығын қазу және жарық шамдарын орнату қарастырылған. Мердігер мекеме – «УАД» ЖШС, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев.

Сондай-ақ «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінген. Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейін жол құрылысы, Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғырту жүргізілуде.

– Облыс орталығының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 6 106,8 млн теңге бөлінді. Қалада 46,1 шақырым болатын 35 көшеге орташа жөндеу жүргізілетін болады. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінген 137,4 млн теңгеге 15 көшеге қиыршық тас төселеді, – деді бөлім басшысы.

Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін барлығы 6 106,8 миллион теңге бөлінді. Жалпы жоба құны 428,3 миллион теңгені құрайды.

Атап айтқанда, «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпір құрылысын салу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден 192,8 миллион теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС-мен келісім шарт жасалған. Алдағы уақытта, құрылыс-монтаж жұмыстары бастау алады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан («Сыр самалы» мейрамханасы) Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейін жол құрылысын салуға 200 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 570,7 миллион теңге. Ал құрылысқа жауапты «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі.

Биыл қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін көшенің бірі – Қожа Ахмет Яссауи көшесі. Аталған көшенің Ә. Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі аралығына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 951,4 миллион теңге қаржы бөлінген. Құны 3 миллиард теңге болатын жобаны «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырады. Сондай-ақ, Елеу Көшербаев көшесін (С.Бейбарыс көшесінен бастап Ә.Бөкейхан көшесіне дейін) қайта жаңғырту жобасына 133 миллион теңге қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба құны 434,4 миллион теңгені құрайды. Ал құрылысқа жауапты мердігер «УАД» ЖШС мекемесі.

Бұдан бөлек, биыл қала аумағындағы ұзындығы 46,1 шақырымды құрайтын жалпы сомасы 4 384,0 миллион теңгеге 35 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның облыстық бюджеттен бөлінген 137,4 миллион теңгесіне жалпы ұзындығы 3,9 шақырым болатын 15 көшеге қиыршық тас жол құрылысы салынуда. Құрылыс жұмыстарына жауапты  «Ақнұр Авто» ЖШС  мердігер мекемесі ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлауда.

Биыл сонымен қатар қала көшелеріндегі бұзылған асфальт қабатын қайта қалпына келтіру үшін қалалық бюджеттен 108,2 миллион теңге бөлініп, мердігер мекеме «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС-мен шарт жасалған. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілу