"Екі апта іздеген": балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар Алматы облысынан табылды

185

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіAi-news.kz.  Алматы облысы полиция екі апта бойы іздеген балалар үйінің екі тәрбиеленушісі табылды.


Бүгін 18 шілдеде Алматыдағы балалар мекемесінен өз еркімен екі жасөспірім қыз қашып кеткенін жазған едік. Екі қыз бұған дейін де қашып жүрген, алайда оларды полицейлер тауып, қайта әкелген. Бұл жолы іздеу жұмыстары екі аптаға созылды. Ал Алматы полиция департаменті балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалалық қылмыстық полиция қызметкерлері тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі таңда олардың мекемеден қашып кетуінің мән-жайын анықтау үшін екеуі де Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілген", - делінген қалалық ПД хабарламасында.