Ұшақтың апаттық есігін ашқан: алматылық қалай жазаланды?
61
Ai-news.kz Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазды Polisia.kz сайты.
23 желтоқсанда Fly Arystan әуекомпаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқықбұзушы акт бойынша рейстен түсірілді.
“Оған қатысты бірден үш әкімшілік материал – ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен "Қоғамдық орындарға масаң күйде келу", 566-бабының 1-бөлігімен "Әрекет ету қағидаларын бұзу", 434-баптың 1-бөлігімен "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 8 АЕК (27 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі ауданаралық сотқа жолданды, ол 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады", – делінген хабарламада.