"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді полиция департаменті басшысының орынбасары Алмаз Саламатов.