Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адамды күйік шалды

5

Фото ТЖДAi-news.kz  Қызылорда қаласында жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйден өрт  шығып, екі адамды күйік шалды. Олар ауруханаға жатқызылды, деп жазды  Kazinform. 


Оқиға, бүгін 12 желтоқсанда сағат 11.00-де Қызылорда қаласындағы Желтоқсан көшесі бойында салынып жатқан жеті қабатты «Мерей» тұрғын үй кешенінің екінші қабатында болған. Сыйымдылығы 50 литр газ баллоны жылытқышының газ-ауа қоспасының жылыстауы салдарынан пластикалық терезелер, 22 газ жылытқышы және электр сымы өртенген.


«Өрттің жалпы ауданы – 48 шаршы метр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары автосаты көмегімен 8 адам құтқарды. Өрт сағат 12.00-де оқшауланып, сағат 12.08-де толық сөндірілді. Оқиға орнында күйік шалған 1969 және 1970 жылғы жұмысшылар ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер 1970 жылы туған азаматты денсаулығының жақсаруына орай үйіне жіберді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.