Ақжармада ауқымды жоба жүзеге асуда

336
Ai-news.kz. Биылғы жылдың тамыз айында Ақжарма ауылдық округіне газ желісін тарту жұмыстары басталған еді. Құны 1 миллиард 260 миллион теңге болатын ауқымды жоба жоспарға сәйкес 10 ай мерзімде аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен, мердігер мекеме «СМП – Қызылорда» ЖШС  жыл соңына дейін көгілдір отынға қосуға бар күшті жұмылдырамыз деп отыр. 

Аталған ауылдық округке арнайы барып, жұмыс барысын пысықтаған қала әкімі Нұржан Ахатов: «Облыс әкімінің қолдауымен елдімекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алды. Биыл Ақжарма ауылдық округімен қатар Сабалақ саяжайына газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Ендігі кезекте мердігер компаниялар ауқымды жобаны сапалы аяқтауы қажет, – деді. 
Айту керек, ауылдарды көгілдір отынмен қамтудың тиімділігі орасан. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту басты міндет екенін айтты.

Тоқаев елде полипропилен және полиэтилен шығаратын ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылып жатқанын сөз етті. Сөзінше, бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын өндіруге арналған басқа да болашағы зор жобалар қолға алынып жатыр.

“Орта Азия – Орталық" магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – үкіметтің басты міндетінің бірі”, – деді президент.


Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастапты. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр екен. Ол барша халық көмір орнына газ жағуға көшу керек дейді.


“Үкіметке Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырамын. Осы саланы дамыту үшін инвестицияның қайтарымын қамтамасыз ететін ынталандыру шараларын қысқа мерзімде қабылдау, соның ішінде ақылға сыйымды тарифтер мен бағаларды белгілеу керек. Газ кеніштеріне геологиялық барлау жасау үшін жаңа инвестиция тарту тұрғысынан алғанда бұл шаралар өте маңызды. Әйтпесе, экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету мүмкін емес", – деді ол.