Ауыл халқының ауызбіршілігі жоғары
Ai-news.kz. Қызылорда қаласына іргелес орналасқан Ақжарма — ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауылдың бірі. Ауыл азаматтарының арасында өзара түсіністік қалыптасып, әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Жергілікті атқарушы органның қолдауымен ауызбіршіліктің арқасында ауылда игі жұмыстар атқарылып жүр.
БЮДЖЕТ БОЙЫНША:
2024 жылы бюджет 164 миллион 466 мың теңгені құрап, үшінші тоқсан бойынша 128 миллион 422 мың теңге игерілді. (78 пайыз).
2024 жылға салықтық түсімдердің жоспары сегіз миллион 068,5 мың теңге болса, нақты түсім жеті миллион 765 мың теңгені құрап, жоспар 85,6 пайызға орындалды. Салықтық емес түсім 100 пайызға орындалып тұр. Жыл бойында атқарылатын жұмыстар, қызметтер мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес ашық конкурс және баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша кезеңімен жарияланып, қадағалаумен орындалады.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША:
2024 жылы 67 кәсіпкерлік субъект (оның ішінде бе бюджеттік мекеме, 10 заңды тұлға, 38 жеке кәсіпкер, 14 шаруа қожалық) тіркелген. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен төрт жоба құжат дайындау барысында. Оның ішінде екі - жоба мал шаруашылығы бағыты, екі - өндірістік бағыттағы жобалар. Ұсынылған құжаттар бойынша әзірге қолдау таппай отыр.
АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША:
1. 2024 жылдың тоғыз ай бойы бойынша ауылдық округ бойынша құны 367,9 миллион теңге болатын он тоғыз көшеге қиыршық тас төсеу үшін ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы шығып, Республикалық бюджетке өтінім беріліп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурстық хабарлама беріліп, жеңімпаз «Ақнұр-Авто» ЖШС-гі анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
2. Ақжарма ауылдық округінде құны - 422,0 миллион теңге болатын дәрігерлік амбулатория сәуір айында халық игілігіне табысталды.
3. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талдыарал елді мекенінің 1-көшесіне түнгі көше жарығын орнату құны 2,9 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша хабарлама беріліп, ЖК «Сәтті» жеңімпаз болып анықталды. Жұмыс толығымен аяқталды.
4. Баймұрат батыр ауылына аяқ су айдайтын d 200 мм-лік мотопомпа орнату жұмыстарына бір миллион 500 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес хабарландыру беріліп, көктем айында орналастырылады.
5. Баймұрат батыр ауылы мен Талдыарал елді мекеніндегі балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу, құрылғыларын ауыстыру жұмыстарына 5,0 миллион теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес жұмыстар толығымен жүргізілді.
6. Талдыарал елді мекеніне тренажорлық жаттығу спорт алаңын салу (орналастыру) төрт миллион 190 мың теңгеге мамыр айында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес хабарлама беріліп, бүгінгі күнге жұмыстар толығымен аяқталды.
7. Шіркейлі каналынан Баймұрат батыр ауылына аяқ су келетін кіре беріс үлкен сағасына жаңадан d 530 мм болатын құбыр салынды.
8. Ақжарма ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды шығып, қаржысы бюджеттен бөлінді. Қалалық құрылыс бөлімі арқылы конкурс жарияланып, мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны - бір миллиард 366 миллион теңге.
9. «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша Баймұрат батыр ауылының Тоғай-1 көшесіне (0,25 шақырым) жоба құны - 4,2 миллион теңге болатын түнгі көше жарық бағаналары орнатылды.
10. Көркейту-көгалдандыру айлығында мекемелер сенбілікке шығып, 700 сыр талы мен терек көшеттері отырғызылды.
Ағымдағы және алдағы жылдарға қаржыландыруды қажет ететін жобалар:
1. Баймұрат батыр ауылындағы 0, 9 шақырым екі көшеге жаңадан асфальт жол салу жұмыстары үшін және 1, 2 шақырым болатын бір көшеге жолды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «ТМ Проект Строй» ЖШС-мен ЖСҚ дайындалуда.
2. Баймұрат батыр ауылына құны 182,0 миллион теңге болатын аяқ су жүйесіне науа (лоток) құрылысы жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы шығып, Республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.
3. Баймұрат батыр ауылындағы ұзындығы 3, 15 шақырым болатын бес көшеге жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) жүргізу үшін 73,9 миллион теңгеге ЖСҚ мен сараптамасы дайындалып, Республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.
4. Талдыарал елді мекенінде су тарату насос станциясы (водозабор) құрылысына ЖСҚ 15,0 миллион теңгеге дайындалып, сараптамадан оң қорытынды шығып, бюджетке ұсынылды. Жоба құны - 656,9 миллион теңге.
5. Демеушілік негізінде жабық спорт кешенін салуға және Талдыарал елді мекеніне электр желілерін алмастыруға ЖСҚ әзірленуде.
6. Баймұрат батыр ауылына орташа жол жөндеу жұмыстарына ұзындығы 1,7 шақырым болатын үш көшеге, қаржысы 61,5 миллион теңгені құрайтын ЖСҚ дайындалып, алдағы уақытта сараптамаға ұсынылып, оң қорытынды шығып, Республикалық бюджетке ұсынылады.
Ауылды дамытуға бағытталған жоспарлар нақтыланып, қаржының қаралуына байланысты, кезең-кезеңімен шешімін табуға жұмыстар жасалуда.
Қызылорда қалалық әкімдігі