Отбасы – өнердің ұйытқысы: Қазалыда жас отбасылар фестивалі өтті

191

Ai-news.kz.Жуырда Әйтеке би кентінде ашық аспан астында «Бір шаңырақ астында» атты жас отбасылар арасындағы өнер фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәдени шараны Кенттік мәдениет үйі мен Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесе өткізді. Мақсат – өнер арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұйымшылдық пен татулықты арттыру.

Фестиваль барысында өнерлі отбасылар ән мен биден шашу шашып, өзара жанкүйерлік танытып, шынайы достық пен сыйластықтың үлгісін көрсетті. Ашық аспан аясында өткен бұл тағылымды шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше форматымен есте қалды.

Фестиваль соңында қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болды:

- «Үздік отбасы» – Көпжасаровтар отбасы;

- «Үлгілі отбасы» – Айдаровтар отбасы;

- «Креативті отбасы» – Тойбазаровтар отбасы;

- «Бақытты отбасы» – Аралбаевтар отбасы;

- «Ең көңілді отбасы» – Нағыметовтер отбасы;

- «Өнерлі отбасы» – Есенқұловтар отбасы;

- «Ұйымшыл отбасы» – Ердесовтер отбасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль тек өнер көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар отбасылар арасындағы ынтымақты, шығармашылықты, достық пен татулықты дәріптейтін маңызды алаңға айналды.

Осылайша, «Бір шаңырақ астында» атты мазмұнды мерекелік кеш өнерді ұлықтаумен қатар, отбасылық береке мен бірліктің тамаша көрінісін паш етті. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз.


https://qazaly.kz/