Қызылордада мемлекеттік балабақша қызметкерлерінің зейнетақысы 8 ай бойы аударылмаған

382

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/239222?lang=ruAi-news.kz Қызылорда облысында бірқатар мемлекеттік балабақша қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтары өрескел бұзылып отыр. Редакциямызға хабарласқан тәрбиешілер мен техникалық қызметкерлердің айтуынша, олардың зейнетақы қорына 8 айдан бері ешқандай жарна түспеген.


“Жалақы аламыз, бірақ зейнетақы қорына ақша аударылмағанын тек жақында ғана біліп отырмыз. Бұл – біздің болашағымызға тікелей қауіп. Бізге тіпті 8 ай бойы аударылмағандығын естіп таң қалдым. Бұл ақпаратты білмес ежім егер банкке барып несие алуға өтінім бермегенімде. Бізге тіпті шілде айының жалақысын  бермей келеді.”, – дейді аты-жөнін атамауды сұраған балабақша қызметкері.


Мәселенің мән-жайын анықтау үшін жауапты мекемелерден сұрасақ ресми берген жауабы, ваучерлік жобаға ауысуы дейді. Білім бөлімі өкілдері бұған қаржының кешігіп түсуін себеп ретінде келтіргенімен, еңбек заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аударуға міндетті екендігін естен шығарғандай.


Еңбек құқығы саласының мамандары бұл жағдайдың заңға қайшы екенін атап өтеді. 

“Зейнетақы жарнасын аудармау – жұмыс берушінің жауапкершілігін туғызатын әкімшілік құқықбұзушылық. Егер мәселе шешілмесе, қызметкерлер сотқа жүгініп, өз құқықтарын қорғай алады”, – дейді заңгер Молдаахмет. 


Қызметкерлер болса, бұл мәселе тек өз балабақшаларында ғана емес, басқа да мемлекеттік мекемелерде орын алып отырғанын айтады. Олар білім басқармасынан және тиісті органдардан әділ шешім қабылдап, зейнетақы төлемдерін толық өтеуді талап етуде.

Ал қалалық білім бөлімі: 

“ Балабақша ваучерлік жобаға көшуіне байланысты зейнетақы аударымдары кешіктірілді.” - дейді.


  Ал қызметкерлер ваучерлік жобаға өту жуырда бастау алғанын айтуда. Десе де заң бүзушылыққа барып отырған мекеме басшылары әдеттегідей сөгіспен "сытылып" кете беретіні қынжылтады.