Министр Балаева "Қазақфильмдегі" ақша жымқыру ісіне қатысты пікір білдірді
Ai-news.kz Мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева "Қазақфильмде" кино түсіруге бөлінген 400 миллион теңгені жымқыру ісіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, “Қасым Хан” кинотуындысына және басқа да бірнеше жобаға бөлінген қаржы ұрланған болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Министр айтуынша "Қазақфильмге" жаңадан келген басшы алдымен ішікі аудит жұмыстары мен зерттеулер жүргізген.
Балаева бюджеттің 400 миллион теңгесі бірнеше жобаға бөлінген қаржы екенін айтты.
Министр бұл тек болжам екенін жеткізді. Ведомство басшысы көптеген мәселелерді дұрыс жолға қою үшін өзі де министрлікте кешенді аудит жасап жатқанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында бюджеттен бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылғанын анықтағаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ "Қасым хан" тарихи сериалының түсірілімінде қолдану үшін пиротехника сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны дәлелденген еді. "Қазақфильм" АҚ-қа келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде толық көлемде өтелген. Еске сала кетейік, 2019 жылдың 16 маусымында сол кездегі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 75 бөлімнен тұратын "Қасым хан" сериалы түсірілетінін мәлімдеген болатын.