Қызылордада Президент атынан ауызашар берілді

853

Ai-news.kz   Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Сыр жұртшылығына ауызашар берілді.


Оған облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, барлық ауданнан келген ардагерлер, еңбек адамдары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, бірлік пен береке, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын кезде жасаған дұғалардың қабыл болуына тілектестігін білдірді.


Ел ағалары Жарылқасын Шәріпов, Қорғанбек Қайруллаев, Ибрагим Әбибуллаев, Шәкизат Төребаев, Самұрат Имандосов, Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов және Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.


Ауызашарда Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұрғанбай Маханов ақ батасын берді.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев ғибратты уағыз айтып, аруақтарға Құран бағыштады.

 

Мұсылмандардың тамақтануға рұқсат етілетін мезгілдің атауы туралы Қазақстан қоғамында өте көп даулар жүріп жатыр. Бұл тақырып 2023 жылдың наурызында тіл активистер негізін қалаған Qazaq Grammar жобасы қазақ тілінің грамматикалық заңдарына қайшы келетін «ифтар» сөзін қолданғаннан қарағанда «ауызашар» сөзін қолдануды шақырғаннан кейін аса өзекті болды[2].


Астана қаласының бас мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы ауызашар атауы туралы өзінің пікірін білдірді:


Кейбір күнделікті өміріміздегі діни сөздер бар, оны қазақшалап айтқан жақсы да шығар, себебі қазіргі таңда біріңғай тілімізге онсыз да бірталай сөздер кіріп жатқаннан кейін белгілі бір мөлшерде ұлттық, өзімізге тән сөздерді айтқан жақсырақ болады. Алайда бұл дисскусия мен талас нәрсеге әкелмеу керек. Бұл таласатын дүние емес, бізде бұдан да басқа маңызды дүниелер көп.


Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі