Елордада 5 оқушылар сарайы салынады

0

Ai-news.kz Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Әкім келесі жылы елордада бес оқушылар сарайының құрылысы басталатынын айтты.

Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндады.  Ол негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар екені жөнінде мәлімет берді:  Атап айтқанда, келесі жылы елордада бес оқушылар сарайының, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың құрылысы басталады.