Абай мұрасының аудиожинағы жарық көрді
Ai-news.kz. Керекуде «Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты ерекше аудиожинақ жобасы жарық көрді. Бұл – хәкім Абайдың терең мазмұнды қара сөздерін заманауи форматта кең аудиторияға қолжетімді етуге бағытталған мәдени бастама.
Аталған жобаның авторы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Halyq radiosy» радиосының тілшісі Елдос Төлеубаев. Ол балалық арманын орындағанына қуанышты екенін жеткізді.
Өңір тарихында із қалдыратын жобаны қолға алған өскелең ұрпақтың жанашырлары бастаған істі әрі қарай дамытуды көздеп отыр. Іс-шараға жиналғандар бүгінгі жастардың кітап оқуға қызығушылықтары оянып, аудиожазбадағы терең ойлы нақыл сөздері саналарына жететініне сеніп, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ кеш барысында өңіріміздің жоғары оқу орындары, мәдениет мекемелері мен ақпараттық ұйымдарына ұлы Абайдың қара сөзі жазылған аудиожазба таспасы табыс етілді.





