Полиция қызметкерлері есірткіге қарсы байқау ұйымдастырды

105

Ai-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыс көлемінде  оқушы, студенттер арасында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында GIF – аннимация әзірлеу сайысын ұйымдастырды.

Сайыстың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселелері мен қатысушылардың ақпаратты қолжетімді ұсыну арқылы олардың жеке пікірлерін баяндау мүмкіндігін түсіндіру және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануға тарту болып табылады.

Байқауда қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, заманауи техниканың мүмкіндіктерін пайдаланып, өз анимацияларында   нашақорлық проблемаларын көрсете алды.

Облыстық финалдық байқауға 12-20 жас аралығындағы 14 оқушы студент өтті,  комиссияның шешіміне сәйкес келесі сайыскерлер жеңімпаз атанды: 1 орын  - Батыржан Сайлауов, Сәния Айтбайқызы (Қармақшы ауданы N185 орта мектеп оқушылары);  2 орын - Ұлдана Тәліпова (Сырдария ауданы N35 мектеп-лицей оқушысы), Еркебұлан Қосанов, Аманай Өтегенов, Ұлықпан Болатбек (Арал ауданы №№14,220 орта мектеп, №2 ОММЛИ оқушылары); 3 орын  - Жұлдызай Базарбаева, Бибінұр Күзембаева (Қармақшы ауданы №185 орта мектеп оқушылары), Сандуғаш Жәдігер  (Қазалы ауданы N182 орта мектеп оқушысы), Қасым- Жомарт Жұманазар (Шиелі ауданы N46 мектеп-лицей оқушысы).


Copyright © 2023. «Ай-News.kz» - ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.