Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

93

Ai-news.kz. ШГ ӘПБ Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен, 66597 әскери бөлімі, 35748 әскери бөлімі БШБ әскери қызметшілеріне,"Өмірді сақта", "Заң және тәртіп","Құмар ойынды тоқтат", "Өз-өзіне қол салу", "Мен лудаман емеспін", "Нашақорлық пен алкогольдік ішімдіктерді пайдалану",   "Тұрмыстық зорлық-зомбылық",   "Қауіпсіз жол"   тақырыптары  аясында және  құқықбұзушылық деректерін алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.


Мақсаты -  әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру.


Оған  Қызылорда облысы Полиция Департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері,   Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің психологтары  қатысты.