Қызылордада бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді
Ai-news.kz. Агенттіктің қаржылық мониторинг жүргізу органының және Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ КМК лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды.
Аурухананың бас бухгалтері медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын арттыру арқылы ақшалай қаражатты жымқырған.
Жоғары бағаны негіздеу үшін күдіктінің жұбайы әзірлеген жалған бағалық ұсыныстар пайдаланылған.
Өткізілген тендердің қорытындысы бойынша ЖШС пен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алу жөнінде шарт жасалған, бір кереуеттің бағасы 1,2 млн теңгені құраған.
Сонымен қатар, бір кереуеттің нақты сатып алу құны 460 мың теңгеден аспаған — бұл көрсетілген бағадан үш есе төмен.
Осылайша, негізсіз артық жұмсалған шығын сомасы 129 млн теңгені құрады.
🔨 Тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 111 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.
Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.
Бас бухгалтер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.





