Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Ai-news.kz. Сотталушылар Қызылорда және Ұлытау облысының тұрғындары. Нақтырақ айтсақ, Г.Сабирова, А.Рысмағамбетова, Н.Қуаныш, А.Тулебиева, Н.Төлебиева оқырман саны көп парақшаны сатып алу арқылы заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған.
Олар өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың қаңтар айында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі 402000 оқырманы бар «@tompikz.kz» парақша арқылы «Карта-Лото» заңсыз құмар ойын ұйымдастырған. Сондай-ақ, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде топ ашып, сотталушылар заңсыз құмар ойынын жүйелі түрде жүргізіп келген. Желі де оларды республиканың түкпір-түпкірінен жиналған 400 мыңнан аса оқырман бақылап отырған. Олардың қызығушылығын арттыру мақсатында сотталушылар түрлі жарнамалар арқылы ойынға халықты шақырған.
Нәтижесінде 2024 жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында сотталушылар жалпы 69 822 994 теңге аса ірі мөлшерде табыс тапқан.
Соттың үкімімен сотталушыларға 2 жыл 6 ай мен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев атап өтті , қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.
Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте "Amanat" партиясы ұсынған "Қарызсыз қоғам" жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал, биыл одан да көп адам қатысады.
Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді.
Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс.
Қазір "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.