Қызылордада санитарлық тазалықты бұзғандарға айыппұл салынды
Ai-news.kz. Талап баршаға ортақ
Қызылорда қаласында санитарлық тазалық пен заңсыз құрылыс фактілерін анықтауға бағытталған тексерулер жалғасып келеді. Мұндай шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау мен қаланың көркін арттыруға бағытталған.
Жүргізілген тексерулер барысында абаттандыру қағидаларын бұзу, рұқсатсыз құрылыс салу және тазалық талаптарын орындамау деректері анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.
Қалалық әкімдік тұрғындарды қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға, ортақ тазалық пен тәртіпке немқұрайлық танытпауға шақырады. Қызылорда – бәріміздің ортақ мекеніміз. Қаланың мәдениеті мен тәртібі әрбір азаматтың саналы әрекеті мен жауапкершілігінен басталатыны айрықша атап өтілді.





