Сырбойылықтар «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының лауреаттарын күтіп алды

92

Ai-news.kz. Сырбойылықтар  «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының лауреаттары Бектаевтар отбасын Қорқыт Ата әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды.


Еңбек ардагерлері Төлеміс Бектаев ақсақал мен Сәнімкүл Әшірбекова әжейдің шаңырағынан 11 перзент өрбіген. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін Жалағаш ауданының Құрметті азаматы атанған Төлеміс ақсақал «Ерен еңбегі үшін», "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталған. Батыр ана Сәнімкүл Әшірбекова қажырлы еңбегі үшін «Халықтар достығы» орденін иеленген.


Бектаевтар әулетіндегі 11 баладан 43 немере, 66 шөбере және екі шөпшек тараған. Бұл әулеттің үлкен-кішісі еңбектің қадірін біледі және оны барша игіліктің бастауы деп санайды.