«Мерейлі отбасы »
509
Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттайтын шарада қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров жеңімпаз атанған отбасыларды қала әкімінің дипломымен марапаттап, қаржылай сыйақылар табыс етті.
Биыл ұлттық конкурсқа 36 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырып, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 26 отбасы іріктеліп алынды. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 3 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды. Ақжарма ауылдық округінен Іздіқұловтар отбасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі диплом қала тұрғындары Мыңжасаровтар отбасына табысталса, ІІІ дәрежелі дипломды Қосшыңырау ауылдық округінен Кенебаевтар отбасы иеленді.
«Ұлағатты отбасы» номинациясын Қызылжарма ауылдық округінен Ибраевтар отбасы, Қызылөзек ауылдық округінен Тумановтар отбасы «Берекелі отбасы» номинациясымен, ал Әбеновтер отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды.
Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді.





