Фариза Оңғарсынованың 85 жыл толуына орай көркемсөз оқу байқауы өтті

162

Фариза Онгарсынова. Фото с сайта foto.mail.ru Фариза Онгарсынова. Фото с сайта foto.mail.ruAi-news.kz. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Фариза  Оңғарсынованың  туғанына - 85 жыл  толуына орай  «Жыр жауһарын жүрегінде тербеген» атты  көркемсөз оқу байқауы Нағи Ілиясов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №132 Т. Айтбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары арасында өтті.

Қазақ халқының біртуар қызы, ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін   насихаттау, оқушыларды кітап оқуға тарту және поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ақынның   жырлап өткен айтқан өсиет өлеңдері  арқылы жас ұрпақты  елін сүюге, үлгілі азамат  болуға тәрбиелеу, талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткен байқауды №132 Т. Айтбаев атындағы мектептің  қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі  Байсынова Жанерке Сардарбекқызы  Нағи Ілиясов ауылдық  округі әкімі апаратының  маманы Айниязова Толғанай , ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Өтегенова Райкүл Махмутқызы   әділқазылық етті.

 Қазақ поэзияның падишасы  болғанын халқы мойындаған парасатты тұлға Фариза    Оңғарсынованың  адалдық, адами қарым-қатынастар мен  достық , туған жер, ана, табиғат тақырыптары мен бүгiнгi күннiң шынайы көрiнiсiн көз алдыңызға әкелетiн жырларын жатқа мәнерлеп оқыған оқушылардың ішінен  1 орынды Бекболатова Жансая, 2 орынды Мәжит Кәусар, 3 орынды Өтепберген Нұрбақыт иеленді.Жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығына «диплом мен   алғыс хат» және  сыйлықтар табыс етілді.

 Іс-шара барысында  Байсынова Жанерке   Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңің оқып берді.

 Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени   өмірінде орны бар қоғам қайраткері   ақын, журналист, "Парасат", "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері  Фариза Оңғарсынованың  құнды мұраларын  таныстыру мақсатында   «Тұнық жырдың тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.