«Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы шықты

238

Ai-news.kz.  Қазалыда мерейлі отбасы байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін қазалыда қыркүйек айының екінші жексенбісі – отбасы күніне орай «мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. байқаудың аудандық кезеңі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мәртебесін көтеру, бала тәрбиесіне мән беру және ұлттық дәстүрлерді сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Ұлттық байқаудың үздіктерін марапаттау шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы жалғас сүйеубаев қатысып, берекесі артқан отбасыларға құрмет көрсетті және олардың үлгілі өмір жолын жоғары бағалады. Ол сөзінде елімізде 2014 жылдан бері отбасы құндылықтарын нығайту және отбасы мәртебесін көтеру мақсатында «мерейлі отбасы» ұлттық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанын атап өтті. биыл байқауға аудан бойынша 24 отбасы қатысты. бұған дейін облыстық кезеңде қазалылық ұлы отан соғысының ардагері қабақ смағұл ақсақалдың әулеті – «Смағұловтар» отбасы бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңде үздік жиырма отбасының қатарынан көрінген болатын.

Байқауда отбасылардың тамыры тереңге жайылған мерейлі өмірі, салт-дәстүрді сақтау және ұрпаққа берген тәрбиесі ерекше назарға алынды. қазылар алқасының шешімімен бүгінгі байқауда жеңімпаз атанған отбасыларға шын жүректен құттықтау сөздері айтылып, облыстық кезеңде де үздіктер қатарынан көріну тілегі білдірілді. байқауға қатысқан барлық отбасылар «берекелі отбасы», «зияткер отбасы», «бақытты отбасы», «үлгілі отбасы», «өнерлі отбасы» сияқты түрлі номинациялармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Қазалы ауданында іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бас жүлде «Құмарбаевтар» отбасына (әйтеке би кенті) бұйырып, бірінші орын өркендеулік балтөреевтер отбасына, екінші орын майдакөлдік бердалиевтер әулетіне, үшінші орын жанқожалық жақсылықовтар отбасына берілді. бас жүлде мен бірінші орын алған отбасылар Қызылорда қаласында өтетін облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

Шара мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. қазалы ауданында отбасыға көрсетілетін қамқорлық пен көмек жүйелі түрде жүргізілуде: ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар жыл сайын көбейіп келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 694 «алтын алқа», 1152 «күміс алқа» иегерлері, 3546 көпбалалы отбасы бар, бұл отбасы құндылықтарының аудан деңгейінде қаншалықты қолдау тапқанын айқын көрсетеді. Шара арқылы отбасы институтын нығайту, ұлттық дәстүрді дәріптеу және келер ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету мақсаттары іске асырылды.