«Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры»

151

Ai-news.kz. 11 желтоқсан күні Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлескен «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 


Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Кенес Аслан Кенесұлы, «Айтыстың ақтаңгері», үш дүркін «Алтын домбыра» жеңімпазы Ниязов Мұхтар Мәуленұлы, сондай-ақ, Қаржылық мониторинг органдарының ардагері Рахметов Бірлік Жоштайұлы және сала мамандары мен тарихшылар қатысты. 


Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Модератор ретінде дөңгелек үстел жұмысының маңыздылығына тоқталды. 


Бірінші сөз алған Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Кенес Аслан Кенесұлы мемлекет пен халықтың басты ұстанымын егемен ел берекесімен байланыстыратынын, қазақ болмысына тән рухани құндылықтар мен ұлттық сананы қалыптастыруға қатысты ойын ортаға салды. 


Ал «Айтыстың ақтаңгері», үш дүркін «Алтын домбыра» жеңімпазы Ниязов Мұхтар Мәуленұлы тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет пен өнер бетбұрысын, ел жетістіктері мен ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады. 


Қаржылық мониторинг органдарының ардагері Рахметов Бірлік Жоштайұлы жас ұрпақты еліміздің ұлттық тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтың қаһармандық өмір жолына құрметпен қарауға шақырды. 


Сондай-ақ, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Алма Мұқанова «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында баяндама оқыды. 


Бұл басқосуда өзара пікір алмасу да жүрді, кемел келешекке кең көзқарас қалыптастыру жайын қозғады. Соңынан қонақтарымызға музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.


Copyright © 2023. «Ай-News.kz» - ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.