Газдандыру мен су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Ai-news.kz. Биыл Қазалы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған дәлел қазіргі таңда ауданға қарасты Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендеріне магистральды газ құбыры тартылып, Ақтан батыр ауылына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары жасалуда.
Атқарылған жұмыстарымен Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет танысты.
Мердігер мекеме «Отау – Строй» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан бес ауылға тартылатын газ құбырының жалпы ұзындығы 56,8 шақырымды құраса, қазіргі таңда оның 12 шақырымына газ желілері жүргізілді.
Бүгін магистральды газ құбырларын және Ақтан батыр ауылына орамішілік газ желілерін жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, газдандыру жұмыстарының сапасын бақыладым. Сондай-ақ күн жылы уақытта жоспарланған жұмыстарды мерзімінде бітіріп, биылға жоспарланған қаржыны игеру қажеттігін ескерттім.
Айта кету керек, бұл жұмыстардың барлығы толығымен аяқталғаннан кейін жалпы аудандағы елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 68 пайызды құрамақ.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі су дейгейі қалыпты. Алайда алда мұз қату кезеңіне дейін әлдеде су деңгейі көтеріледі. Осыған сәйкес бүгінгі таңда Сырдария өзенінің аудан аумағындағы су шайып кету қауіпі бар қорғаныс бөгеттерін күшейту жұмыстары жүргізілуде.
«Бүгін Сырдария өзенінің бойында орналасқан Шитүбек елді мекенінен бастап Қазалы қаласы маңындағы қорғаныс бөгеттеріне дейін аралап, олардың жай-күйімен таныстым. Сондай-ақ бірқатар аумақтардағы бөгеттерді қайта қарап шығып, қажеттілігіне қарай қорғаныс бөгеттерін әлде де күшейтуді тапсырдым», - деді Мейрамбек Шермағанбет.