«ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Ai-news.kz. «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2024» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал».
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІГІ - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқауға қатысушылар:
• Білім және ғылым саласының мамандары;
• ҚР Маслихат депутаттары;
• Медицина саласының мамандары;
• Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
• Әдебиет- көркем өнер саласының мамандары;
• Кәсіпкерлер; есепшілер;
• Қоғам қайраткерлері;
• Ауыл-шаруашылық мамандары;
• Энергетика саласының мамандары;
• Ақпарат саласының мамандары;
• Заң саласының қызметкерлері;
• Әскери қызметкерлер;
• Экономистер;
• Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
• Әлеуметтік қызметкерлер;
• Дарынды жастар;
• Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
• Мемлекеттік қызметкерлер;
• Құрылыс саласының мамандары;
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып, өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған), сапалы 3/4 суретін, өтініш кестесін, сондайақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мысалы: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) жіберуі тиіс. Құжаттар elorda_2023@mail.ru электронды почтасына 2024 жылдың қараша айының 15 дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына:
• Арнайы тағайындалған «ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2024» атты төсбелгісі;
• «ЖЫЛ ҮЗДІГІ -2024» статуэткасы;
• Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік;
• Құрмет грамотасы;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан статуэтка мен төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Инстаграм паракшасы:
@bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 687 71 62,
+7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40