ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН БҮГІН СЫНҒА ТҮСКЕН БАРЛЫҚ СПОРТШЫ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

133

Ai-news.kz. Тоғызыншы қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.


Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады.


Ерлер: 

Бекжан Төлепов (55 келі);

Мейіржан Берекетов (60 келі);

Дидар Тугушев (66 келі); 

Жұмажан Қожамбеков (74 келі)

Әйелдер:

Айжан Жылқыбаева (48 келі);

Назерке Азаматова (52 келі); 

Рауза Нұрмұхамметова (56 кг);

Бақыт Құсақбаева (60 келі).

10 қыркүйекте ерлер мен әйелдер қалған төрт салмақта күреседі. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.