Ресми түсініктеме
346
Жыл басында қала аумағындағы 22 көшеге және 55 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен әр жобаға 1000 теңгеден қаржы қаралып, ағымдағы жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Аталған 22 көшенің тізімінде былтыр жөндеуден өткен Асфендияров көшесінің болуына орай қалалық прокуратураның ұсынымына сәйкес толық жобадағы 22 көшесімен қосып, конкурс тоқтатылған.
Жалпы барлық жобаға жоспарланған 2,8 млрд теңге бюджеттен нақты бөлінбеген. Қазір аталған жобалардың жоба-сметалық құжаттарына түзетулер енгізілуде.
Осылайша, ақпараттық кеңістіктерде таратылған ақпараттағы 2,8 млрд теңге көлеміндегі қаржыға қатысты ақпарат дұрыс емес екендігін тағы да мәлім етеміз. Бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілген жоқ.
Бөлім тарапынан бюджет қаражатын тиімді әрі заңға сай игеру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылады.