Қызылордада балаларды тасымалдаған 305 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ai-news.kz Олардың арасында балаларды арнайы ұстап тұратын құрылғыларсыз алып жүргендер де бар.
Қызылорда облысында 305 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық ПД ӘПБ басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешовтың айтуынша, өңірде 11-13 тамыз аралығында «Бала-бақша» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтті.
• сақтандыру заңнамасын бұзғаны үшін – ҚР ӘҚБтК 230-бабы 2-бөлігі бойынша – 26,
• жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін – 571-баптың 2-бөлігі бойынша – 62,
• міндетті техникалық байқаудан өтпегені үшін – 590-баптың 9-бөлігі бойынша – 30,
• жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамау, артық жолаушы алу, балаларды ұстап тұратын құрылғысыз тасымалдау үшін – 593-бап бойынша – 132,
• көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілер – 612-баптың 2-бөлігі бойынша – 14,
• жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлік жүргізуі – 612-баптың 3-бөлігі бойынша – 1 дерек анықталды.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, 28 көлік айып тұрағына қойылды, 23 автокөліктің мемлекеттік нөмірлері алынды», – деді спикер.
Сонымен қатар балабақша басшылары көліктердің жағдайына, жүргізушілердің құжаттарының дұрыс болуына қадағалау жасамағаны, сондай-ақ балаларды тасымалдауға келісімшарт жасамағаны анықталды.
Оның айтуынша, балабақша басшылығымен кездесу өткізу жоспарланып отыр, онда заң талаптары тағы да еске салынады.
Шара барысында Қызылорда қаласында:
• 13 жасөспірім үйіне мас күйінде жеткізілген,
• 20 бала көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушімен үйіне жеткізілген,
• 7 бала Қазақстанда тіркелмеген автокөлікпен жеткізілген,
• 11 тәрбиеленуші тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі жоқ адаммен жеткізілгені анықталды.
Айта кетейік, облыста барлығы 676 балабақша жұмыс істейді. Оның ішінде 160 мемлекеттік, 52 шағын орталық, 464 жеке меншік мекеме бар.
Тағы да оқыңыздар





