ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы Қасиетті Құрбан айт күндері арнайы қайрымдылық акциясын өткізді.
111
ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы Қасиетті Құрбан айт күндері көпбалалы отбасыларына, мүгедек азаматшаларға, және жетім балаларға арнайы қайрымдылық акциясын өткізді. 16,17 маусым күндері екі ірі қара малы сойылып 38 отбасына таратылды.
Сонымен қатар 20 балаларға ( 10 ұл, 10 қыз) киімдер( костюм- шалбар, көйлек ер балаларға, сапасын, кофта қыз балаларға) және аяқ киімдерімен қоса тапсырылды. Жалпы сомасы 1млн. 123 мың теңгеге қайрымдылықжасалды.
Осы қайрымдылық акцияға демеуші болған ҚР Қызыл Ай Қоғамы және Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Жарты Ай Қоғамына алғысымыз шексіз.